Бірінші сынып оқушыларының алғашқы аптасы
Бірінші сынып оқушыларының алғашқы сабақ апталығы жылдам өтіп кетті. Кішкентай оқушылар мектеп өміріне ақырындап үйреніп келеді. Бұрынғы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер оқу үрдісіне қызығушылықпен еніп кетті. Бірінші сынып оқушылары апта бойы мектеппен танысты, күн тәртібін сақтауға және мектеп өмірінің түрлі ережелерін, мұғалімнің талаптарын орындауды үйренді. Сабақтар ойын түрінде өткізілді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге білім әлеміне аттанды. Біздің мұғалімдер балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасады.
