Дарынды суретші
Біздің мектепте 1А сыныбының оқушысы Милена Немованың суреттерінің жеке көрмесі өтті. Ол әлі жас, өз жасына қарамастан дарынды суретші. Мектеп көрмесінде оның суреттері балалардың ғана емес, сонымен бірге ересектердің де назарын өзіне аударды. Ол өзінің қоршаған әлемге деген көзқарасын суретте бейнелейді. Миленаның суреттері өзінің қайталанбастығымен ерекшеленеді, өзінің туған өлкеге деген сүйіспеншілігімен қуантады.
