5В сыныбы - "Сәуір әзілдеріне" қатысты
5В сыныбының оқушылары кітапханада өткен "Сәуір әзілдері" шарасына белсенді түрде қатысты. Бұл әзілқой интерактивті ойын, танымдылық, логикалық және зияткерлік сипаттағы ондаған сұрақтары бар ойын балаларға өздерінің білімдерін тексеруге сонымен қатар әдебиет, география және білімнің басқа салаларынан қызықты көптеген нәрселерді біліп-тануға мүмкіндік берді.
