Ауызша журнал
2014 жылдың 11 желтоқсанында № 36 ЭБЖОБББМ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. 9 "А" сынып оқушылары тарих мұғалімі А.Т.Бейсембаевамен бірге 8-10 сынып оқушылары үшін ауызша журнал түрінде "Менің Отаным - Қазақстан" ашық сынып сағатын өткізді. Қазақстан тарихының ең маңызды оқиғалары туралы өлеңдер оқылды. Іс-шара Қазақстанның ең алғаш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы фильмнің көрсетілуімен аяқталды.
