Жеңістің 70-жылдығын тойлауды дайындау шегінде 2015 жылдың 15 қаңтарында мектеп кітапханасында павлодарлық Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевич Қайырбаевтың туылғанына 90-жылдыққа арналған "Естелік сағаты" өтті. Бұл іс-шараның қатысушылары 7 "В" және 11 "А" сынып оқушылары болды. Жерлесіміз-батыр туралы әңгіме балалардың есінде ерлік және батырлық үлгісінде қалады, өйткені - Махмет Қайырбаев 1944 жылдың тамыз айында, толмаған 20 жасында, Кеңес Одағының Батыры болды. Бұл адамның өмірі - жастарға үлгі. М.Қайырбаев туралы көбірек білуге, сонымен қатар біздің облысымыздың Жеңіске қосқан үлесі туралы "Кеңес Одағының Батыры М.Қ.Қайырбаевқа - 90 жас" мақалалары, фотоматериалдары және кітап көрмесі көмектесті, мұнда М.С.Тереник, С.Шевченко, Э.Д.Соколкин авторларыныңы кітаптары ұсынылды.
Махмет Қайырбаевқа арналады...
