Мемлекет болудың және тәуелсіздіктің рәміздерінің бірі - Республиканың Мемлекеттік Рәміздерінің болуы болып табылады. ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, сондай-ақ Тұңғыш Президент күні аясында № 36 ЭБЖОБББМ Мемлекеттік Әнұран күні өтті. 22 қарашада сабақтар ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.