Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Сахнада неміс тілі
17-11-2016 12:37
Сахнада неміс тілі
«Сахнада неміс тілі» ІІ Жастар театр фестивалінде Павлодар қаласы №36 орта мектебінің неміс тілін меңгеру үйірмесіне қатысып жүрген оқушылар Беттина Вегенастың «Қасқыр болу» атты пьесасын көрсетті. Пьеса негізінде гуманизм идеясы және қоғамның жағдайына қарамастан ар мен намысын сақтап қалу туралы. Фестиваль нәтижесінде 10-сынып оқушылары: Панченко Кирилл, Чистяков Роман, Артемов Никита, Дюсенова Дайяна, Першина Александра ІІ орынға ие болды. Үйірме жетекші, неміс тілі мұғалімі Қорлан Қабдоллақызы Демеуова былай дейді: «Оқушылар үлкен сахнада актерлік рөлінде өздерін көрсетуге тырысқаны үшін қатты риза болып, қуаныштарын білдірді». Фестиваль қатысушыларына арнап тренингтер ұйымдастырылды. Мұнда оқушыларға актерлік шеберлігімен, яғни дұрыс тыныс алу, дикцияға, түрлі әрекет пен қимылдарға үйретті. Болашақ тілшілерге арнайы мастер-класс өткізілді. Онда біздің оқушылар Анафина Сабина, Бабенко Ольга, Костючек Карина өздерін тілші ретінде сынап көрді. Әр спектакльден кейін осы болашақ тілшілеріміз көрермендерден және актерлерден сұхбат алды. Фестиваль Республикалық неміс драм театрдың қолдауымен Алматы қаласы, Гете атындағы институтта қараша айының 11-13 аралығында өтті. Осы қазіргі неміс драматургияға арналған іс-шараға 13-20 жас аралығындағы неміс тілін меңгеруші жасөспірімдер, мамандырылған актерлер емес, -Павлодар қаласынан №36 орта мектебінің оқушылары, Ақтөбе қаласының №11 орта мектебінің оқушылары және Өскемен қаласының Қазақстан-Америка Еркін университеті, Алматы қаласының Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының студенттері, Қарағанды қаласы «Grashuepfer» КНМ театр тобы, Семей қаласының театр студиясы, Астана қаласының БҰҰ «Возрождение» «Диамант» атты әлеуметтік театры қатысты.