1 қарашада күзгі демалыс аясында 3 қарашада өтетін "ЭКСПО-2017" Күні" қарсаңында № 36 ЭБЖОБББМ 10-11 сынып оқушылары мен мектеп педагогтары үшін Германиядан келген дипломды инженер, профессор Петер Альтхоф мырза өткізген, "Германияда және басқа да еуропалық елдердегі энергетикалық революцияның негізгі аспектілері. Жұмыс тәжірибесінен: Вьетнамда энергияның қалпына келтіру көздерін енгізу" дәрісі өтті. Сондай-ақ, кездесуде С.Торайғыров атындағы ПМУ деканының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары А.В.Антонцев және С.Торайғыров атындағы ПМУ "Электроэнергетика" кафедрасының меңгерушісі В.П.Марковский қатысты. Біздің кездесу тұрақты жетекші Л.В.Данилова және әскери-патриоттық клуб балалары дайындаған және өткізген "Родник" Экологиялық мұражайға және Қ.Қамзин атындағы Даңқ мұражайына экскурсиядан басталды. Біздің мұражайлар - бұл біздің мақтанышымыз, өйткені, дәл біздің экологиялық мұражайымыз өз ретінде жалғыз болып табылады, дәл біздің Даңқ мұражайы бірнеше рет қарау конкурстарында жоғары наградаларды иеленді. Кездесу соңында балалар П.Альтхоф мырзаның орындайтын жұмысының маңыздылығын, дәріс материалының қызықтылығын атап өтті. "Энергетикалық революция" әлеміне ашылған есік үшін дәріскерге үлкен алғыс аятамыз!