Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 18
Всего проголосовало: 306
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"ЭКСПО-2017"
20-10-2016 09:22
Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің өткізілуі-Қазақстанның ұлттық жобаларының бірі болып табылады. Біздің еліміздегі мұндай орасан зор іс-шараны ұйымдастыру бастамасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі. Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауы мен Халықаралық абыройы ЭКСПО өткізу құқығына дауыс беруде Астана жеңісі сәттілігінің маңызды факторы болды. Халықаралық көрме бюросының 152-ші Бас Ассамблеясының жабық дауыс беруінің нәтижесінде Қазақстанның елордасы Астана ең көп дауыс жинап (161 ден 103), «EXPO-2017» өткізу орны деп жарияланды. «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін алдағы көрме, энергияның баламалы көздерінің тақырыбын ашады. «ЭКСПО-2017» дайындық аясында № 36 ЭБЖОБББМ фойесінде бірінші қабатта оқушылар, ата-аналар және мектептің педагогикалық құрамы көре алатын, «ЭКСПО-2017» тақырыбына бейнероликтерді көрсетумен әлеуметтік жоба ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірінші қабат фойесінде «болашақ энергиясын» сақтауға бағытталған, ақпараттық стенд орналастырылды. 19-20 қазанда мектепте «Суды сақта» акциясы өтті, мұнда 9-шы сынып оқушылары К.К.Демеуованың жетекшілігімен мектеп оқушыларын әлемдегі су таусылуының экологиялық мәселесімен таныстырды және суға және басқа да энергия көздеріне ұқыпты қарауға тартатын, ақпараттық парақшаларды орналастырды. 20 қазанда барлық сыныптарда оқушылар сынып жетекшілерімен бірге Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» дайындық пен өткізу бойынша сауалдарды қарастырған және Қазақстан мен тұтас әлем үшін болашақ пен даму келешегін талқылаған сынып сағаттары өткізілді. Мектепте «ЭКСПО-2017» және Германиямен ынтымақтастық аясында жобалармен жұмыс істейтін «Болашақтың мектептік энергиясы» үйірмесі өз жұмысын жүргізеді. Осыған орай мектеп шатырында күн батареясы орналастырылды. Жобамен жұмысты неміс тілі мұғалімі К.К.Демеуова мектеп оқушыларымен бірге жүзеге асырады.