10 қазанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін атап өтеді. Осы іс-шара аясында № 36 ЭБЖОБББМ 5 "В" сыныбында "Жақсы көңіл-күй іздеуінде" тақырыбына сынып сағаты өтті. Сынып сағат барысында балаларға оң және теріс эмоция тудыратын жағдайларды талқылау ұсынылды. Оқушылардың эмоционалды күйін реттеу үшін, сынып жетекші Г.М.Педына "Вверх по радуге" және "Якорь" секілді жаттығуларды өткізді. Өткізілген іс-шара нәтижесінде балалар көңіл-күйді реттеудің қарапайым әдістерін қолдану дағдыларын, жаман көңіл-күйді және ашуланшықты жеңу әдеттерін қалыптастыруға үйрене алды.