Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жетінші сынып оқушылары зияткерлік ойынханаға аттанды
30-09-2016 13:55
Жетінші сынып оқушылары зияткерлік ойынханаға аттанды
20160921_14200520160921_15235520160921_15235820 қыркүйекте 36 мектепте жетінші сыныптар арасында зияткерлік ойын болды. Оқушылар үшін "Сұрапыл филология" зияткерлік ойынханасы өз есігін ашты. Бұл оқиға 18-23 қыркүйек аралығында 36 мектепте өткен және "Ауызыңды аш" дауыстап оқу турнирімен, сондай-ақ музыкалық тілдер фестивалімен аяқталған, Тілдер аптасына сабақталған. Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Илья Олегович Приходченко жетінші сынып оқушыларына шынайы ойынханадағыдай, текшелерді ақшаға айырбастауды емес, керісінше білімдері үшін текше алуды ұсынды. Дегенмен, зияткерлік ойынханада, кәдімгідей, ұтыс жасау керек болды. Ойынның кезекті раундының тақырыбын білген соң балалар өздерінің дұрыс жауап беру мүмкіндіктерін 100, 300 және 500 текшелерімен бағалаулары тиіс болды. Егер жауап дұрыс болса, команда ұтысы оның есебіне қосылады, ал егер қате болса - ұтыс команда есебінен алынады. Ережеде барлығы оп-оңай, ал іске келгенде оқушыларға ақылға қонбайтын мұғалімнің филологиялық жұмбақтарын шеше отырып, тер төгулеріне тура келді. Балалар Пегас жазығы бойынша серуендей отырып, қара жәшікте не жатқанын ойлады, өлеңді қолмен түсіндірді және ең ұзын сөзді ойдан шығарды. Бір сөзбен айтқанда, бұл мереке ауызша және жазбаша тілмен білдірілетін шығармашылық болды - көңілді, мазасыз және шулы. Қаншалықты қиын болса да, жетінші сынып оқушыларының айтуы бойынша оларға ұнады. Олар өтірік айтпағандарына және "Сұрапыл филология" ойынханасының есігі тағы да ашылар деп үміттенеміз.