2016 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстандық отбасы күніне мектепте жоғарғы сынып оқушыларымен "Отбасылық және тұлғааралық қатынас этикасы" тақырыбына кездесу өтті (адамдармен сауданың алдын алу). Кездесу "Әйелдер - Ұлт болашағы үшін" Қоғамдық ұйымның, "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" ММ қатысуымен ұйымдастырылды, сондай-ақ психолог-мамандар және ювеналды полиция қызметкерлері шақырылды. Кездесудің интербелсенді сипаты болды, залмен бейнелі тілдесу басым болды. Бейнероликтер көрсетілді. Жас адамдар құлдыққа түскендегі өмірлік жағдайлар мысалға келтірілді. Адамдармен сауданы тоқтату бойынша ұсыныстар берілді, оқушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығы артты. Кездесу қатысушылары мамандармен тілдесуде риза болды.