25 мамырда қалада қызықты оқиға болды: Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен "Невада - Семей" Халықаралық ядроға қарсы қозғалысының павлодарлық бөлімшесімен ұйымдастырылған, жас бітімгерлердің екінші жиыны. Жиынға "Невада - Семей" МАД құраушысы және көшбасшысы, атақты ақын, біздің жерлесіміз, қоғамдық қайраткер Олжас Сулейменов қатысты. Жиынға актерлері біздің мектеп оқушыларымен бірлескен, "Самал" оңалту орталығының тәрбиеленушілері болған, "Триумф" инклюзивті музыкалы-пластикалық театрмен қойылған, "Табиғат Ананың - монологы" спектаклі кіріспе болды. Және де бүгін 7 маусымда бітімгерлік жұмысы аясында мектеп директоры И.Ф.НазаровағҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, "Семей ядролық полигонының жабылуы туралы" Жарлығына қол қою күнінің 25-жылдығына, "Самал" Балалар бітімгерлік қозғалысының 25-жылдығына арналған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат, сонымен қатар «Бейбітшілік эстафетасы жастарға» бітімгерлік қозғалысының рәмізі берілді. "Таза ел - Таза әлем" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысы үшін, өсіп келе жатқан ұрпаққа экологиялық тәрбиесі мен білімі саласында белсенді жұмысы үшін осындай алғыс хатты "Родник" экологиялық клубы және оның тұрақты жетекшісі Л.В.Данилова алды. Әр алғыс хатта О.Сүлейменовтың қолы қойылған.