Мектепте сәуір-мамыр айларында дәстүрлі түрде мектеп аумағын қоқыстан тазалап ғана қоймай, сонымен қатар мектеп бақшасына түрлі дақылдар және гүлзәрларға гүлдер отырғызуды қосатын, көріктендіру бойынша жұмыс басталды. Осы жылы биологтардың жетекшілігімен шырайгүлдер, барқытгүлдер, түн гүлдері, настурциялар, лалагүлдер және үлпектер отырғызылды. Бақшада дәнді (бидай, арпа, жүгері, тары), бұршақты (бұршақтың түрлі сұрыптары), асқабақты (кәді, асқабақ) дақылдар отырғызылды. Жаз ішінде біздің оқушылар қоршаған ортаның өте әдемі көрінісімен рахаттана алуымыз үшін өсімдіктерге күтім жасайды.