"Біз біргеміз" концерттік бағдарламасы
Жылда 1 мамырда Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекенің бірі - қазақстан халықтарының Бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150 ден астам ұлт және халықтар тұратын еліміздің бейбіт өмірі үшін қажетті келісім және түсіністік, достық мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасысына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндер, немістер, корейлер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер және тағыда басқа көптеген ұлттар кіреді. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар - бір ынтымақты халық. Және осы күн қарсаңында 29 сәуірде № 36 ЭБЖОБББМ мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін "Біз біргеміз" мерекелік концерті өтті. Концерттік бағдарламаға вокалды, хореографиялық және акробатикалық нөмірлер кірді.