28 сәуірде өзін-өзі тану мұғалімдері М.С.Магомедова және Ж.А.Умашева "Сабақ және сабақтан тыс қызмет арқылы адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу" тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін тарату мақсаитында қала мектептерінің өзін-өзі тану мұғалімдеріне тәжірибелік сабақ берді. Іс-шара барысында өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылармен сыныптан тыс жұмыс аясында, бұл әдістер рухани-адамгершілік тұлғаны тек сабақ аясында ғана емес, сонымен қатар педагогтың сабақтан тыс қызметінде тәрбиелеуге қалай көмектесетіні қарастырылды. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына "Мен болашақ анамын! Мен болашақ әкемін!" пікірталас үзіндісі көрсетілді. Семинар қатысушыларына сабақ және алған ақпарат өте ұнады.