"Ғылым және өнер аптасына" қатысамыз

«Ғылым және өнер аптасы" - барлық мектептің, кіші сынып оқушыларын, орта және жоғары сынып оқушыларының қатысуын қамтыған іс-шара. 15-22 сәуір аралығында балалар қаншама қызықты жаңалықтарды біліп үлгерді. Қалайша мектеп кітапханасы мұндай істен тыс болады? Бізде өз бағдарламамыз бар: өз өмірін ғылымға арнағысы келгендерге "Ғылымға жол" қызықты кітап көрмесі, "Зияткерлік калейдоскоп" викторинасы, сөздік бойынша іздеу ойындары және т.б. Балаларды ең қызықты кітапханалық кітаптарға тарту үшін, кітапханашылар "Ең...ең..." көрме-конкурсын дайындады. Бұл - ең ақылды, қызықты, ескі, жаңа, күлкілі, мұңлы, үлкен және кішкентай, қалын және жіңішке, ең ұзын атаумен және т.б. кітап дегенді білдіреді. Ересек балаларға арналған "Зияткерлік калейдоскоп" танымдық викторинасы - өз білімдерін көрсетуге және басқа да жаңалықтарды білуге тамаша мүмкіндік. Ал кітапханалық "Сөздік бойынша іздеу" ойын-сабағы балаларға біржарым ондық маңызды, қызықты және қажетті сөздіктер бойынша қажетті ақпараттардың іздеуін өткізуге кереме мүмкіндігін берді. Кітапханалық іс-шаралар қатысушылары 2а,5а, 6в,7а,9в сыныптары болды.
