Наурыз - бірлік және саулық мерекесі, жаңа жылдың басы туралы жариялайтын, тамырларымен өте ерте ғасырларға кететін қазақ халқының мерекесі. Наурыз — парсы тілінен аурағанда "жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Бұл мереке бастаманың басын, табиғаттың өркендеуін кейіптейтін мереке.Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында мектепте түрлі іс-шаралар өтті. Бір апта ішінде мектеп фойесінде балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Балалар қазақ даласының көркін, ұлттық бейнені және тұрмысты көрсеткен, әдемі суреттерін салып қана қоймай, сонымен қатар өз қолдарымен киіз үй түріндегі жасауларын, қазақ халқының аспабы домбыраны жасады. Сондай-ақ кітапханада «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» кітаптар көрмесі өтті. Мектепте әр бейсенбі дәстүрлі түрде жұмыс күні сынып сағаттардан басталады. 17 наурызда барлық сыныптарда «Көктем мерекесі мен жаңыртауы» тақырыбы бойынша сынып сағаттар өтті. мұнда оқушылар мерекенің шығу тарихын еске алып қана қоймай, сондай-ақ ұлттық ойындар ойнап, бір-бірін құттықтады. Дене тәрбиесі мұғалімдерімен мектеп оқушылары арасында спорттық ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылды. Балалар аққасқыр – байлаған қасқыр және т.б. секілді ойындарды қуана ойнады. Бір апта ішінде мектеп фойесінде "Наурыз мейрамы" әлеуметтік жобасы жұмыс істеді, мұнда оқушыларға, олардың ата-аналарына және мектептің мұғалімдер құрамына мереке тарихымен, құттықтау сөздерімен және әндерімен бейне ролик көрсетілді. 18 наурызда мектеп фойесінде мерекелік флешмоб өтті, мұнда А.С.Орманджи жетекшілігімен хореографиялық топ қыздары түрлі сынып оқушыларын тарта отырып, би попурриін көрсетті. Біз тағы да барлығын келе жатқан мерекемен құттықтаймыз және барлығына бейбітшілік және жақсылық, сәттілік және ырыс, саулық және өркендеуді тілейміз! Наурыз мейрамы құтты болсын!