Алғыс Айту күнін мерекелеу кезінде өткен, сонымен қатар жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алуда "Мен бейбітшілік және төзімділік үшін" онкүндігі аясында 2016 жылғы 9 наурызда мектепте 9 «А» сыныптың, №36 ЭБЖОБББМ дінтану мұғалімі, А.Т.Бейсембаеваның., тарих және құқық мұғалімдері, М.Қ.Ибраеваның және Ж.С.Салимовтың, ДТЖжО Ж.А.Умашеваның., мектеп психологы, О.Г.Камшуктың., аға вожатый Б.Тутанның қатысуымен және Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқарма басшысы, Д.К.Закарьяновты шақырумен"Мен бейбітшілік және төзімділік үшін" тақырыбына домалақ үстел өтті. Іс-шарада мынадай сауалдар қарастырылды: төзімділік деген не, әр адам өмірінде оның рөлі; төзімді тұлға деген кім. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақ арасында өзге ұлт адамдарына шыдамдылық қатынасын және патриоттық тәрбие. Оқушылар көтерілген мәселелерге өз көзқарастарын еркін айтты, өз айтқандарын дәлелдеді, "Мен Қазақстанды сүйемін" (Дарья Бакина) өлеңі және "Дәстүрлі дін - азаматтық әлемнің және демократиялық қоғамның негізі" тақырыбына эссе (Артем Вирченко) түрінде ойлауды ұсынды. Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Д.К.Закарьянов мектеп оқушыларының шығармашылық қатынасын және бірегейлігін атап өтіп, бұл іс-шараға жоғары бағасын берді. Дарья Бакинаның өлеңі дін істері жөніндегі басқарма сайтында орналастырылады.