Жаңа жылдық акция



24-25 желтоқсан аралығында әрі қарай қысқұы тосын сыйларды күтуде аз қамтылған, көпбалалалы отбасындағы бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына, жетім және ата-анасының қамқорысыз қалған, денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушыларға № 36 ЭБЖОБББМ директоры И.Ф.Назаровамен және әлеуметтік педагог Ж.З.Семеновамен демеушілердің атынан Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар берілді. Сыйлықтарды ұсынған "Антошка" ЖК жетекшілері: Макаров Иван Викторович, Семёнова Александра Викторовна (№36 ЭБЖОБББМ 2 "Д" сынып ата-аналары). 72000 тенге сомасындағы сыйлықтар 1-4 сыныптардың 60 оқушысына берілді. 

Одан басқа, 30 желтоқсанда ДТЖжО Ж.А.Умашевамен № 36 ЭБЖОБББМ төрт аз қамтылған оқушыларының отбасысына жеке тұлғалармен демеушілік көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкер Г.Н.Умашев ЖК қамқоршыға 10000 тенге сомасында материалдық көмек және ата-анасының қамқорысыз қалған балаға 1800 тенге сомасында Жаңы жылдық сыйлық бөлінді. ПНХЗ ЖШС қызметкерлері Кульмагамбетова Раушан, Гофман Лидия, Старикова Татьяна, Веселова Татьяна, Манжос Кристина, Даньев Генадий аз қамтылған және көпбалалы үш отбасыға 35000 тенге сомасында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар және азық-түлік пакеттері түрінде материалды көмек көрсетті: Кузнецовтар, Орумбаевтар, Болохоновтар. Осылайша, "Қайырымдылық" мерекелік акциясына, жетім және ата-анасының қамқорысыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы, қолайсыз отбасындағы оқушыларға арналған № 36 ЭБЖОБББМ жаппай оқыту қорынан және демеушілік көмекпен 608300 тенге сомасы игерілді.
