Бүгін 9 қарашада екінші сынып оқушылары "Қызықтылар әлемінде" қызықты КВН ойынын ойнап қана қоймай, сонымен қатар дене тәрбиесі мұғалімдері Нина Петровна Полынцева және Анна Владимировна Комкина ұйымдастырып, өткізген "Көңілді доп" спорттық сайыста жарысқа түсті. Әр оқушы өз командасы жеңіске жетуі үшін бар күшін салды. Нәтижесінде орындар келесідей түрде бөлінді: I орынға 2 «В» сынып командасы ие болды, II орынды – 2 «А» сынып командасы иеленді, III орынды – 2 «Б» сынып командасы алды. Командалар грамоталармен марапатталды. Әр қатысушы жақсы көңіл күй және сергектік алды.