1 қазанда халық білімінің Үздігі, Павлодар облысының Құрметті азаматы, "Ертіс" футбол командасының бас жаттықтырушысы(1990-1993ж), Қазақстан Чемпионы, спорт шебері, футболдан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазіргі таңда "Ертіс" футбол орталығының кеңесшісі Виктор Петрович Ярышевті шақырумен 10-11 сынып оқушыларына арналған ашық сынып сағаты өткізілді. Виктор Петрович Ярышевпен қызықты әрі танымды диалог құрылды.