""Білім беру объектілерінде ТЖ болған жағдайда адамдарды көшіру" тақырыбы бойынша жаттығу өткізу
Павлодар қ. Шевченко көшесі, 1. мекенжайы бойынша "Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі" ММ жеке құрамымен және қалыптасуымен 2015 жылғы 25 қыркүйекте Павлодар қ. ТЖБ басшысының м.а. полковник К.Т.Бертыбаевпен бекітілген, білім беру объектілерінде ТЖ болған жағдайда адамдарды көшіру бойынша қызметкерлердің тәжірибелік жаттығуды өткізу кестесіне сәйкес, "Білім беру объектілерінде ТЖ болған жағдайда адамдарды көшіру" тақырыбы бойынша жаттығу өтті. Жаттығуға тартылғандар: оқушылар және мектеп қызметкерлері. Жаттығудың негізгі мақсаты: іс-шараларды өңдеу және төтенше жағдай болған жағдайда жедел көшіруді орындау кезінде мектеп қызметкерлерінің және басшылық құрамы дағдысын алу болып табылады. № 36 ЭБЖОБББМ қызметкерлері ұйымдасып қабаттар бойынша көшіру кестесіне және жоспарға келісілді көшіруді өткізді. Барлығы 983 адам көшірілді, оның 90 қызметкер, ал 893 оқушы болды.