22 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан халықтарының тілдер күні атап өтіледі. № 36 ЭБЖОБББМ кітапханасында қазақ, орыс және Қазақстанның басқа халықтарының тілдерінде әдебиеттердің үлкен қоры бар (50 мыңнан астам кітап). Бұл мерекеге мектеп кітапханасында «Түған елдің тілінде» - «На языке земли родной» көрмесі дайындалған, мұнда қазақ тілінің тарихы туралы, қазақ тілін қалай үйрену керектігі туралы, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы материалдар және Қазақстанда тұратын 130 дан астам ұлттар, халықтар туралы кітаптар жиналған. Бір жыл ішінде бұл кітап көрмесінің педагогтар және оқушылар арасында үлкен оқырмандар қызығушылығы бар.