"Сағымдағы ғажайыптар" бейіндік лагері
Міне, осымен "Сағымдағы ғажайыптар" бейіндік лагеріндегі маусымда соңына жетті. Лагерде барлық ауысымда келесі отрядтар жұмыс жасады: «Патриот», «Олимп», «Қыз аруы», «Білімпаз», «Болашақ», «Барлығы билейді», «Тұлпар»,«Көңілді неміс тілі», сонымен қатар "Жас өрт сөндірушілер, жас құтқарушылар", "Жол қозғалысының жас инспекторлары", "Жас полицей" жасақтары. Барлығы 190 оқушы қатыстырылды. Әр бейіндік отряд БҰТ дайындық, қабілетті және дарынды балаларды іріктеу, шығармашылық қабілеттерді дамыту, пәнге деген қызығушылықты арттыру, тақырыптарды тереңдетіп оқыту, балалармен іс-әрекет формаларының түрленуін кеңейту, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, өрт қауіпсіздіктің, сонымен қатар "Сағымдағы ғажайыптар" лагерінің жұмысы кезінде жолдағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында парақтардың шығарылымын, үгітбригаданы, өз бағыттары бойынша әңгімелесулерді ұйымдастырған жасақтар жұмыс жасады. Балалар "Жас натуралисттер күні" мектеп жанындағы учаскеде көріктендіру бойынша жұмысқа белсенді қатысты. Лагерьдегі жұмысты қорытындылай келе, мұндай бейіндік отрядтар ұжымда достық микроклиматын жасау және ұжымдастыру, оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында қажет деп айтуға болады.