"Сағымдағы ғажайыптар" бейіндік лагері
5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Және осы күні біздің лагерь балалары мектеп жанындағы лагерь қатысушыларымен бірлесіп, "Ғаламшарды құтқарайық" акциясын өткізді. Акция мақсаты ғаламшар тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға, Отанға деген махаббат және патриоттық сезімді тәрбиелеуге шақыру. Қане, біздің ғаламшарымызды өзіміз және біздің ұрпақтарымыз үшін сақтайық!
