Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 53
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 18
Всего проголосовало: 309
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Жердің болашағы саған байланысты»
27-01-2018 11:26
«Жердің болашағы саған байланысты»

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде топырақ салынған ыдыстарға емен жаңғақтарын отырғызу бойынша «Жердің болашағы саған байланысты» акциясы өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
.
«Атамекен - Родина» ҚБ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған шараға мектептің 1-4 сынып оқушылары қатысты. Мақсат – табиғатты, қоршаған ортаны қорғай білуге үйрету, Жер ғаламшары - тірі және оған қамқорлық қажет екендігі туралы түсінік беру.
.
Оқушылар болашақта жас емен көшеттерін алу үшін топырақ салынған кішкентай стақандарға өздері емен жаңғақтарын отырғызды. Бұдан кейін емен көшеттерін мектепке жақын жерге егу арқылы өсімдіктер дүниесін түрлендіру және көгалдандыру жоспарланып отыр.
.
- 15-19 қаңтар күндері 200 емен жаңғағы отырғызылды. Оқушыларға оларды әрі қарай күту бойынша түсінік берілді. Әр бала өзіне мықты емен өсіріп шығару міндетін қойып, өз көшетін үйіне алды. Емен ежелден денсаулықтың, күш пен ұзақ өмір сүрудің нышаны болып саналады. 29 қаңтар - 2 ақпан күндері аралығында тағы да 300 көшет отырғызу көзделіп отыр, - дейді мектеп директоры Зәуреш Ахмадова. #сопшэн36