Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Мықты отбасы»
20-03-2018 16:47
«Мықты отбасы»
   «Мықты отбасы» халықаралық пилоттық бағдарлама сабағы
Есірткі мен қылмыс бойынша БҰҰ басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдік аясында, Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде бір ай ішінде халықаралық «Мықты отбасы» пилоттық бағдарламасы іске асырылды. Мақсаты – жастар арасында есірткі заттарын ерте пайдаланудың және тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдер ортасының рухани-адамгершілік және физикалық сауығуы, сондай-ақ отбасы беделін, отбасы құндылықтарын нығайту.
«Мықты отбасы» бағдарламасына ата-аналарға өз балаларына қолдау көрсетуді үйренуге, отбасындағы тәртіпті тиімді ұстауға, болашақта балаларға оң уәждеме беруге және оларда өз ата-аналарына деген жақсы қарым-қатынасты қалыптастыруға, жастарды күйзеліспен және құрдастары жағынан көрсетілген қысыммен күресуге үйретуге бағытталған арнайы тапсырмалар қосылған.
   Жоба жетекшісі Наталья Владимировна Базалик мектеп педагогтары Алена Викторовна Корионовамен, Назира Сабитовна Умиевамен бірге 7 апта бойы ішіне жасөспірім-балаларымен 10 ата-ана қосылған топтармен жұмыс жасады. Ата-аналар мен балалар өздерінің ерекше мәселелерін талқылай отырып және сәйкес дағдыларын дамыта отырып, жеке айналысты. Содан кейін, алған білімдерін тәжірибеде пысықтау үшін олар бірікті және бірлескен тапсырмаларды орындады. Интербелсенді сабақтар ойындар мен пікірталастарды қолданумен ойын-сауық түрінде өткізілді.
Бағдарламаның қорытынды сессиясы 2018 жылғы наурыздың 17-сі күні өтті, оның қорытындысы бойынша № 36 ЖОМ «Мықты отбасы» бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды, ата-аналарға сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, бағдарлама аясындағы сабақтар Павлодар қаласының № 17, 24, 29 ЖОМ өтті.