«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»
№ 36 ЖОББМ-де 9 мамыр мерекесіне қарсы Қ.К. Асаинова мен Н.С. Умиева қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздардың ұйымдастырумен 4 сынып оқушылардың арасында «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштік, адамгершілік сынды ізгі қасиеттерге баулу. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырларын құрметтеу, қастерлеуді үйрету. Отан алдындағы адами қасиеттер парызды түсіне білуге, үлкен қиыншылықпен келген жеңісті құрметтеп, қастерлей білуге төселдіру.Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
