Бүгін Күншуақ қаласында гүлдер күні болды
Бүгін Күншуақ қаласында гүлдер күні болды. Отрядтарда әңгімелесулер жүргізілді «Бақша, орман және дала гүлдері», «Біздің үйде қандай гүлдер өседі», «Гүлдерді қалай күту керек». «Кімнің жапырағы» ойыны көңілді және әсерлі өтті. Ал серуенде мектеп аумағында Гүлдерді бақылау жүргізілді. Күн соңында балалар асфальтта сурет салу сайысына қатысып, ән айтып, би биледі, жалпы, шын көңілден шаттанды.
