«Қарақшылар күні»
11 күн «Қарақшылар күні» Сиропчик пен Тюбик саяхатқа барады Бүгін бізде сиқырлы күн! Қарақшылар күні! Саяхат күні! Таң көңілді шақырумен, ЖЖЕ ережелері бойынша әңгімелесумен басталды, өйткені балалар Ш.Айманов атындағы кинотеатрға "Юра дәуірінің асырандысы" фильміне барды. Таза ауадағы ойындар балалардың көңілін одан әрі көтерді. Түстен кейін балалар "Қазына іздейміз" тамаша ойынына қатысты, өздерін қарақшылар рөлінде көрді, ант қабылдады, сынақтардан өтіп, тәттілер қазынасын тапты. Бұл күн балалардың есінде қуанышты және көңілді күн болып қалды. Осы іс-шаралардың барлығы астана күніне арналды және балаларда өздерінің кіші және үлкен Отанына деген махаббатты дамытты.
