14 күн «Бизнесмен күні» Білгір – кәсіпкер Шуақты таң!
Біздің «Күншуақ қаласы» лагерінің екінші ауысымы жақсы өтіп жатыр. Бүгін лагерь жұмысының соңғыдан бұрыңғы күні. Ол Бизнесмен күні деп аталады. Түстен кейін балаларды «Шығыс базары» атты ерекше ойын күтіп тұрды. Балалар қызметтерді жүзеге асырудың өз жобаларын ұсынды. Біреу фокустарды көрсетті, біреу гүлдер жасады, біреу өзін шаштараз, шахматшы рөлінде сынап көрді. Барлық «қызметтерін» балалар маусым бойы өздерінің жақсы істерімен тапқан, біздің лагерь валютасы «Сантиктерге» сатты. Мысалы, байқау, жарыстар және ойындарға қатысуларымен және жеңістерімен. Лагерь екі топқа бөлінді: «Кәсіпкерлер» және «Сатып алушылар». Тапқан «Сантиктер» отрядтағы әр балаға тең бөлінді, соның арқасында «сатып алушылар» қызметтерді сатып алады, ал «кәсіпкерлер» оларды сатады. Ойын өте қызықты және танымды болып шықты. Күн бұдан да көңілді оқиға – Ю.А. Гагарин атындағы саябақта «Алтын сақа» қалалық сайысына қатысумен басталды. Балалар «Алтын сақа» - асық ату бойынша жарысқа қатысты. «Асығың алшысынан түссін» конкурсының екінші кезеңі – асықтар балалар қазақ ұлттық ойынын көрсеті бойынша көркем конкурсы. Бұл конкурста бірінші отрядтағы қызымыз Ирина Шульга бірінші орынды иеленді. Алақай! Балалар Ю.А. Гагарин атындағы саябақта Татьяна Юрьевнамен бірге көңілді спорт ойындарын ойнады. Жалпы айтқанда, күн бізге жеңістер, әсерлер және жаңалықтар әкелді.
