«Балаларға жылу сыйла» республикалық акциясы шеңберінде 29 қазанда № 36 ЭБЖОБББМ «Қамқоршы күні» мерекесі өтті. Бұл - қамқоршы отбасылар мен осы отбасыларда тәрбиеленетін жетім балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы. Аталған іс-шараның мақсаты қамқоршыларға, патронаттық тәрбиешілерге қолдау көрсету, баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру, олар үшін бөтен бала және бөтен қайғы болмайтын адамдарды көтермелеу болып табылады. Бұл күні мектеп әкімшілігі мұғалімдер мен ата-аналар қауымымен бірге қамқоршыларды құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. Қамқоршы болу оңай емес. Бұл қамқоршының «қанатының астына алған» баланың игілігі үшін әр күндік еңбек. Барлық қамқоршыларды мерекемен құттықтаймыз! Сіз қамқорлықтағы балаларға сыйлайтын барлық жылулық, қамқорлық пен көңіліңіз Сізге толықтай қайтып келсін! Балалардың тағдырын бақытты еткеніңіз үшін рахмет айтамыз!
