«Менің туым, менің Отаным!»
9 «А» сыныбында «Менің туым, менің Отаным!» тақырыбына акция өтті.
Іс-шара мақсаты:
1. Оқушылардың бойында өз Отанын сүюге, патриоттық сезімдерін қалыптастыру; оның мемлекеттік және қоғамдық маңыздылығын көрсету.
Міндеттері:
1. Мемлекеттік рәміздердің қоғамдық құндылық ретінде қабылдануына, оқушылардың азаматтық сана-сезімінің қалыптасуына ықпал ету.
2. Балалардың ҚР Мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің халықтарының тарихи өткеніне және дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
