«Сиқырлы күнтізбе»
№ 36 ЭБЖОБББМ оқушылары бойлы фигуралар театрының әртістерімен бірге қызықты, шытырман оқиғалы ертегіге айналды. 15 қараша күні мектептің мәжіліс залында «Сиқырлы күнтізбе» спектаклі өтті. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге жыл мезгілдерін іздеді, сиқыршы әдейі ай аттары мен ретін шатастырды. Сонымен қатар оқушылар ай, жыл мезгілдерінің атауларын қазақ тілінде үйреніп, ұлттық би билеп, виртуалды домбырада ойнады! Бойлы қуыршақтар театры әртістерінің құрамына тамаша қойылым үшін алғысымызды білдіреміз!
