"Қазақстан бойынша саяхат"
Бүгін 1 "Б" сыныпта сауат ашу сабағында балалар "Қазақстан бойынша саяхат" тақырыбына постерлер құрастырды. Топтарда жұмыс істей отырып, ынтымақтастыққа, қатынасуға, өз ойларын айтуға үйренді. Біздің Отанымыз жайлы көптеген суреттер дайындады. Әр топ өз жұмысында Отанымыз қаншалықты үлкен және кең екендігін көрсетті. Әр оқушы осы жұмысқа жанын салып, махаббатын көрсетті.
