"Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері"
19 желтоқсан күні 3 "Б" сыныбында "Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері" тақырыбына сынып сағаты өтті. Әңгіме барысында балалар мектепте және үйде жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайларды қарастырды. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты, жұмбақтар шешті, сынып сағаты тақырыбы бойынша тыйым салу белгілерін салды.
