№ 36 ЭБЖОБББМ медбикесі, Назерке Кабиржановна Калибаева оқушылармен адам ағзасына снюстің зияны туралы дәріс-әңгіме өткізді.
№ 36 ЭБЖОБББМ медбикесі, Назерке Кабиржановна Калибаева оқушылармен адам ағзасына снюстің зияны туралы дәріс-әңгіме өткізді. Балалар көмей, ауыз қуысының ойық жарасы немесе эрозиясы болуы мүмкін екенін білді. Жиі өңеш пен ішек зардап шегеді. Снюсті тұтынудың ықтимал салдарлары арасында - жаралар мен гастрит, себебі никотин асқазан-ішек жолына және өңешке түседі. Снюстің негізгі зияны, онда никотин әдеттегі темекіден бірнеше есе көп. Никотин көп болса, тәуелділік тез пайда болады, никотиннің теріс салдары - жүрек-қантамыр аурулары жылдам туындайды. Ол барлық органдарға еніп, әртүрлі патологиялық процестердің дамуына себеп болады.
