«Асханадағы тәртіп мәдениеті»
Үстел басындағы тәртіп мәдениеті – бұл адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі. Оны ерте жастан бастап тәрбиелеу керек. 3 «Б» сыныбында «Асханадағы тәртіп мәдениеті» тақырыбында сынып сағаты өтті. Балалар жаднамалар құрастырып, іс жүзінде үстел басындағы тәртіп ережелерін қайталады.
