2020 жылғы 18 ақпан күні № 36 ЭБЖОБББМ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Абай күні өтті. Күн бойы мектеп бойынша Абай әндері шырқалып, «Абай оқулары» сыныптар бойынша Абайдың Қара сөздерін оқимыз – челленджі, Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша суреттер конкурсы, Абай туралы өз өлеңдерінің конкурсы, «Қазақ халқының Ұлы баласы – Абай» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік конференция, «Адамзаттың Абайы» тақырыбына «Дөңгелек үстел», «Абай әлем тілдерінде» поэтикалық акциясы өтті. Абай - бүкіл әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Абайдың ұлылығы мен феноменалдығы өз қатарластарының санасына табандылық пен мақсаттылықты енгізу және жырлау арқылы ол ұлттық рухтың беріктігін бұрын-сонды болмаған биіктікке көтере алғандығында. Біз, Абай тұлғасында осындай лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміз үшін тағдырға алғыс айтуымыз керек.
