«Адамзаттың Абайы»
Ақпан айының 18 жұлдызында 36 жалпы орта білім беру мектебінде 10-11 сыныптар аралығында Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар Абайдың өлеңдерін, аудармаларын, қара сөздерін мәнерлеп оқып, талқылады және Абай әндерін орындады. Шара соңында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалды.
