Бақытты –ана, Бақытты – бала, Бақытты – отбасы, Бақытты – ел!

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықты нығайту, білімді тұлға тәрбиелеу мақсатында 14 қазан күні педагог-психолог және әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып, көпбалалы ата-аналарға «Бақытты –ана, Бақытты – бала, Бақытты – отбасы, Бақытты – ел!» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға ата-аналар қауымы мен әжелер кеңесі қатысты. Семинарда отбасы туралы, оның маңызды құндылықтары туралы әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналармен жаттығулар өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Соңында барлық қатысушылар мен қонақтарға кофе-брейкке ұйымдастырылып, жас әншілердің өнерін тамашалады.