Сенім телефоны
8/7182/356596
email: 38scool@mail.ru
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда2937309
Бір айда220496
Бір аптада46278
Кеше8842
Тәулік2307
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

 

 Оқу –ісі жөніндегі директордың орынбасары 

 Тулеуова Алтын Байтановна

  Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Бастауыш сынып бойынша және қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдердің жұмысын үйлестіреді.Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізеді, мемлекеттік тілде мектеп құжаттарын жүргізу ережелері мен нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.Оқушылардың үйде оқуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады. Бастауыш сыныптарда ОЖСБ, TIMSS, олимпиадаға дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады, қорытындысына жауапты.Ұзартылған күн тобының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Мектепте критериалды бағалау жұмысын атқарады.1-4 сынып сынып мұғалімдерінің электрондық журналдарын бақылайды. Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі мен бастауыш сыныптың әдістемелік бірлестігін бақылайды. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін, педагог қызметкерлердің тарификациясын жүргізеді, қол қояды және мектеп директорына бекітуге береді.  

 

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

Рахматулина Алма Баязитовна

 Өзін-өзі тану мұғалімі, білімі жоғары, педагогикалық өтілі -23 жыл.           9- сынып түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, одан әрі білім алу үшін оқушыларды анықтау бойынша колледж өкілдерінің кездесулерін ұйымдастырады. 9-сынып түлектерінің уақытылы жұмысқа орналасуын бақылайды, уәкілетті органға есеп береді.   Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жарақаттанудың, жол-көлік оқиғаларының, көшеде, суда және т.б. болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады; ата-аналарды білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге тартуды ұйымдастырады, тәрбиенің кешенді жүйесін құруға жәрдемдеседі. Отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен жұмысты, ата-аналар үшін ағарту жұмысын ұйымдастырады, тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды; «Салауатты өмір салты» бағытына жетекшілік етеді және СӨС үйлестірушісінің жұмысын бақылайды, оқушылардың, ата-аналардың СӨС дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады. Оқушылардың оқу сабақтарына қатысуын, оқушылардың сыртқы келбетін бақылайды. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді. Сынып ұжымдары мен сынып жетекшілері мектебі бойынша кезекшіліктің ұйымдастырылуын қадағалайды, кезекшілік кестесін жасайды. Білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және алдын-ала жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады. Үйірмелер мен секциялардың кестесін жасайды; уақытша болмаған сынып жетекшілері мен басқа да тікелей бағынысты педагогтарды уақтылы және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді. Мектепте аз қамтылған, көп балалы, толық емес, қолайсыз отбасылардағы, жетім балалардың тамақтануын ұйымдастырады. Тамақтанатын балалардың санын арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізеді.