Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ақылдылармен бірге өткен қысқы демалыс.
14-01-2016 03:26
Ақылдылармен бірге өткен қысқы демалыс.

Қызыққа толы қысқы демалыс та келіп жетті. 1,4 «Б» сынып оқушылары сыныптық «Ақылдылар» атты іс-шараға қатысу үшін мектепке келді. Ойын жаңа жыл кейіпкерлері туралы сөз-жаттығуларымен басталды.

Балалар әзіл сұрақтарға хормен жауап берді. Негізгі турға географиядан, әдебиеттен, математикадан, дүниетанудан тапсырмалар дайындалды, сонымен қатар ертегілерге «саяхат жасауға» да мүмкіндік тиді. Сайыскерлер дұрыс жауапқа фишка-смайликтер алып отырды. Кейбір тапсырмалар өте оңай болғанымен, ұзақ ойландыратын да тапсырмалар болды.

Көркем әдебиетпен байланысты категорияны таңдағандықтан, Леонтьева Яна үшін ойын өте сәтті басталды. Бірақ, Зуев Никита өзінің нақты ғылымына «саяхаттауының» арқасында алға шықты. Жантемиров Ансар да досын қуып жетпекке ұмтылды,бірақ, Никита ойын соңына дейін өз беталысын өзгертпеді. Ойнның аты – ойын! Ойын мәресінде ойыншылар бір-бірімен қол алысты. IMG_9273

Бірінші орынды -Зуев Никита иеленсе, Леонтьева Яна екінші орынды өз қанжығасына байлады, Жантемиров Ансар үшінші орынға ие болды. Жаңа жылдық демалыста сиқырлық жалғасатындықтан сиқырлы қаптан тосын сыйлықтар қатысушыларға ғана емес, барлық балаларға да жетті.

Павлодар қ. №38 ЖНМ ММ, бастауыш сынып мұғалімі С.В.Рожина