Математика – ғылымдардың жарық жұлдызы. «Ғылымдардың патшасы» атанған бұл пән балалардың ойлау қабілетін дамытып, ізденімпаздық қасиетін арттырады Мектебімізде математика пәніне ден қойып, ғылым шыңына қол жеткізем деген балалар баршылық. Солардың бірі мектебіміздің мақтанышы болған 6-сынып оқушысы Ақтан Әділетті атай аламыз. 2017 жылдың 25 қараша айында №24 ЖОМ өткізілген 5-6 сынып оқушыларына арналған І қалалық кешенді олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломының иегері атанды. Олимпиада барысында математкалық және жаратылыстану-ғылымилық сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық есептерді шығарып, сыннан сүрінбей жеңіске қол жеткізді.Мектеп ұжымы Ақтан Әділетті бұл жеңіспен шын жүректен құттықтайды. Мектебіміздің математиканың жарық жұлдыздары жарқырай берсін!
Математика – ғылымдардың жарық жұлдызы