Облысымыздың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген тарихи тұлғаларымыздыңдың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Осыған орай мектебімізде қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты әдеби кеші ұйымдастырылды. Кеш шымылдығын 4-сынып оқушысы Герстенлауер София «Шәкірт ойы» өлеңімен ашты. Одан әрі Сұлтанмахмұттың өмірбаянынан үзінді көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар 9-сынып оқушысы Өмірбекқызы Қарагөз «Ақынға арнау» атты өз туындысын арнады.
Небәрі 27 жас жасап, әдебиетімізде өшпес мұра қалдырып кеткен, Қазақ елінің мәңгілігін, Алаш қайраткерлерінің ұстанымы мен көзқарасын ойына қазық еткен ақын шығармашылығы мәңгілік өмір сүрмек.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты әдеби кеш