Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ПМПУ студентінің волонтерлік жұмысы
15-05-2018 14:45
ПМПУ студентінің волонтерлік жұмысы

Бүгінгі таңда еріктілік, ағылшын тілін үйрену үшін кең мақсатқа қойылған: көптеген адамдар шетелге мұқтаж жандарға көмектесу үшін ғана емес, сонымен қатар өз ағылышын тілдерін үйренуді жеңілдету үшін барады. Себебі, мұндай бағдарламалар шетелде өте танымал, сондықтан жобаларда сіз ағылшын тілін тасушы адамдармен сөйлесе аласыз. Балалар ағылшын тілінде жазуды және оқуды біледі, бірақ ағылшын тілін тасушы адамдармен қарым-қатынаста тәжірибе жоқ. Көп ойлана келе, біздің жағдайда қарым-қатынас тың ең жақсы нұсқасы – университет студенттерін волонтерлік бағдарламасына тарту деп шештік - болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін.
Жыл бойы біздің мектепте ПМПУ 3-ші курс студенті Турсунтаева Мафтуна волонтёр болды. Ол ағылшын тілінде сөйлеуді дамыту мақсатында 3 пен 4-сыныптар аралығында оқушылармен сабақтар өткізді. Сабақтар ойындар мен интерактивті тақтамен жұмыс істеумен сүйемелденді, өте қызықты және әр түрлі болды. Оқушылар Мафтунамен кездескендеріне қуанышты болды, үй тапсырмаларын орындап жүрді. Мафтуна – өте жауапты студент, ода көп сабақтары мен семинарлары, курстық жұмыстары, емтихандары болса да, ол өз уақытын біздің оқушылар үшін сарп еткен қыз. Мафтуна мұғалімге тән қасиеттерге ие: тілге үйрету, балалармен тез тіл табыса алады, төзімді, өжет, жауапты. Біздің Мафтунаға осылай біздің сөзімізді жерге қалдырмай, біздің оқушылармен жұмыс істеуге келіп жүргеніне алғысымыз шексіз.

 

Павлодар қаласының ПГПУ шетел тілдер кафедрасының мұғалімдеріне осындай Турсунтаева Мафтуна секілді студенттерді дайындап жүргеніне алғысымызды білдіреміз.