Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»
31-08-2018 16:41
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

№38 ЖНМ 2018 жылдың 1 тамызынан бастап "Мектепке жол" акциясы жүргізілді. Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Әлеуметтік жағдайға байланысты оқушылардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Мектебімізде "Мектепке жол" акциясы туралы үгіт - насихат, көмек көрсету және ықпал ету жұмыстары жүргізілді. Ұстаздардың, ауылымыздағы кәсіпкерлердің "Мектепке жол"қайырымдылық акциясына қатысуы қамтамасыз етілді. Мектепке бекітілген көшелерге рейд жүргізілді.
Осы акция барысында азқамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 16 оқушыға оқу құралдары берілсе, 13 оқушыға: мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім, сумка, оқу құралдарыда берілді.
«Адамға қымбат нәрсе - жұрт қамы, жұрт ісі» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай осы қайырымдылық акциясына атсалысқан демеушілерімізде бар. «Мойылды шипажай» -ының АҚ бас директоры Ф.С.Сатыбаев, ЖШС «ДИЗ -ПВ» директоры М.Ш.Сулейменов, ауылымыздың жеке кәсіпкерлері ЖК «Найзабеков», ЖК «Рамазанова», ЖК «Абдугалимов»-қа алғысымызды білдіреміз. Әрине бұл акцияның басы ғана. «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы жалғасуда. Жүрегі халқым деп соғатын демеушілерді күтеміз, көппен көтерген жүк жеңіл.