Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында «Асыл сөз» атты мектепшілік сайыс өтті
01-10-2018 17:01
«Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында «Асыл сөз» атты мектепшілік сайыс өтті

Мектебімізде 2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында өзге ұлт өкілдерінің арасында «Асыл сөз» мектебі сайысы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:Мемлекеттік тілді үйрету арқылы Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Бұл байқауға мемлекеттік тілді жетік білетін оқушылар қатысты.
«Асыл сөз» конкурс бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрды:
1.Таныстыру (өздерін өлең жолдарымен таныстыру)
2.Шешендік өнер (өлең және поэмадан үзінді)
3.Викторина (сұрақ-жауап)
Сайысымызға әділ-қазылар ретінде облыстық «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Уакпаева Құралай Мұхаметшайыққызы, Дәрусупова Сайрангүл Ғариролақызы келіп әділ бағаларын берді. Іс шара қорытындысы бойынша III орын иегерлері Леонтьева Яна мен Федина Ангелина , жүлделі II орынға Шерстяникова Ксения және Ваккер Амалия, I орынға ие болған сайысымздың жеңімпазы Герстенлауер София қалалық кезеңге өтті . Алдағы уақытта мектебімізідің намысын қорғайтын болады.