Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Мойылды Кубогы" атты шахматтан ІІ ашық турнирі
22-10-2018 18:02

            Шахмат-өмірде корольдік ойынды бейнелейді. Сол себепті де, біздің елімізде шахматты кездейсоқ мектеп бағдарламасына енгізген жоқ. 20 қазанда біздің мектепте ауыл әкімдігімен бірлесіп, жергілікті "Мойылды шипажайы" АҚ және Павлодар қаласындағы "Жастар бастамаларын дамыту орталығының" қолдауымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекті "Мойылды Кубогы "шахмат турнирі өтті. Өткен жылғы бірінші турнирге тек жергілікті тұрғындар
қатысқан болатын. Ал, екінші турнирге Павлодар қаласының басқа ауылдарынан (Жетекші, Павлодарский, Кенжекөл және Ленинский ауылы) қатысушылар шақырылды. Бұл осы жылғы турнирдің бірден-бір ерекшелігі. Турнирге барлығы 60-тан астам әуесқой қатысты, бұл 1-ші турнирден 2 есе көп. Ойындар швейцарлық жүйе бойынша 7 кезеңнен(яғни айналым бойынша) тұрды. Біздің турнирдің тағы бір ерекшелігі-бұл жерде жас ерекшелігі жоқ. Павлодар қаласының түпкір түпкірінен келген ауыл тұрғындары тегіс қатысты.
Белсенді ойыншылар табанды күресте ешкімге жол бергісі келмеді. Осылайша жеңімпазды анықтау үшін қосымша блиц-ойын өткізуге тура келді. 1-ші турнирдің жеңімпазы Қуантай Жібек(Мойылды ауылы) және Жұмабаев Диас(Жетекші ауылы) кездесті. Нәтижесінде 1-ші орынды Жұмабаев Диас(Жетекші ауылы), 2-ші орынды Қуантай Жібек(Мойылды ауылы) және 3-ші орынды Тұрдыбеков Диас(Павлодар ауылы) иеленді. Сондай-ақ, "Турнирдің ең кіші қатысушысы" номинациясына Рамазан Ағайшаға (8 жаста. Мойылды), "Турнирдің ең қарт қатысушысы" номинациясына Айдабулов Қаратау(79 жаста С. Мойылды) берілді. Дәстүр бойынша 1-ші турнирдің жеңімпазы Қуантай Жібек(Мойылды ауылы) болса 2-ші турнирдің жүлдегері Диас Жұмабаевқа(Жетекші ауылы) табыс етілді. Осы турнирдің барлық қатысушыларына қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.

Дене шынықтыру мұғалімі А.С.Разиденов